Мәжіліс "ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға енгізілетін түзетулердің жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға енгізілетін түзетулердің жобасын мақұлдады

Мәжіліс "ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға енгізілетін түзетулердің жобасын мақұлдады

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Қараша 2008
  • 633
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысы бойынша, заң жобасы мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Заң жобасында зейнетақының көлемін 25 пайызға арттыру көзделген.

Заң жобасы бойынша баяндама жасаған еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, «қазір министрлік Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдірудің ұзақ мерзімді стратегиясының жобасын жасауда».

«Өз кезегінде ең жоғары зейнетақы алушылар үшін зейнетақы көлемі 22% ұлғайтылады. Сөйтіп, 38 мыңнан астам зейнеткер, яғни, жалпы зейнеткерлердің 2,4% 15 263 теңге көлеміндегі ең төмен зейнетақы алатын болады. 1 млн 300 мыңнан астам адам (80%) 22 493 теңге көлеміндегі орташа зейнетақы, ал 290 мыңнан астам адам (17,6%) үшін ең жоғары көлемдегі 32 121 теңге зейнетақы алады», — деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар