Мәжіліс Ресей мен Қазақстан арасындағы әскерді пайдалануды бірлесіп жоспарлау туралы келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Ресей мен Қазақстан арасындағы әскерді пайдалануды бірлесіп жоспарлау туралы келісімді  бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Ресей мен Қазақстан арасындағы әскерді пайдалануды бірлесіп жоспарлау туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Бүгін, 2-ақпанда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан мен Ресейдің қауіпсіздігін бірлесіп қамтамасыз ету үшін әскери күштерді пайдалануды бірлесе жоспарлау туралы ҚР мен РФ арасындағы келісімді бекіту туралы" заңның жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Ақпан 2005
  • 445
Фото - Caravan.kz

Палатаның жалпы отырысында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Абай Тасболатовтың жасаған түсініктемесіне жүгінсек, келісім — бірлескен қорғанысты қамтамасыз ету мәселелері бойынша күш біріктіру және келісілген іс-шараларды жүзеге асыру мақсатын көздейді. Құжатқа сәйкес, «уәкілетті мекемелер әскери -саяси ахуалға бірлесе талдау жасап, коалициялық әскери топтардың құрамын айқындап, мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оларды пайдалану жайттарын жоспарлайды». Бұған қоса уәкілетті органдар «әскерді пайдалануды бірлесе жоспарлауға қатысты құжаттардың тізімін келісіп, бұл құжаттардың күшіне ену мерзімі мен ретін анықтайды». Сонымен бірге «аталмыш органдар коалициялық топтың құрамына енгізу үшін іріктелген әскерлердің өзара ықпалдастығы, ара байланысы мен жасырын басқару шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру принциптерін айқындайды». Тараптар коалициялық топтардың біріккен қолбасшылық органдарын дайындауда өзара қолұшын береді. Шұғыл әзірлікке қатысты бірлескен іс-шараларды жоспарлау және өткізу жеке келісім негізінде іске асырылады.

А.Тасболатовтың ақпаратына сәйкес, келісім 5 жылға жасалып, алдағы уақытта автоматты түрде осындай мерзімге ұзартылып отырады. Вице-министрдің айтуынша, бұл келісім Ресей Мемлекеттік думасының 11-ақпандағы отырысында қаралады.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.