Мәжіліс салық салу мәселелеріне арналған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс салық салу мәселелеріне арналған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс салық салу мәселелеріне арналған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

  • 9 Маусым 2011
  • 330
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасына Мәжілістің бір топ депутаттары бастама жасаған болатын. Құжатты әзірлеудегі мақсат — халықаралық практикаға сәйкес салық салу мәселелері бойынша халықаралық салық салу және осындай шарттарды әкімшілендіру жүйесін жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар, Салық кодексінің қолданылу практикасына байланысты жекелеген ережелерді нақтылау қамтылады. Былтырғы жылы Үкімет екі мәрте Салық кодексіне бірқатар өзгерістерді енгізуге ұмтылған болатын. Осыған көптеген депутаттар қарсы шығып, жедел тәртіппен қаралатын заң жобаларына тиянақты қаралуы тиіс нормаларды енгізбеу қажеттігін алға тартқан еді. Соның нәтижесінде салыққа қатысты барлық өзгерістер жеке заң жобасы ретінде әзірленіп отыр. Бұдан бөлек, заң жобасымен салықтық әкімшілендірудің кейбір нормаларын нақтылауға бағытталған түзетулер және олардың әртүрлі түсіндірілуін болдырмау мақсатында нақтылау сипатындағы бірқатар түзетулер ұсынылады.

Екінші оқылымға әзірлеу барысында палата депутаттары бірқатар ұсыныстар жасап, олар қабылданды. Атап айтқанда, депутаттардың импортқа қосылған құн салығын салу кезінде тауарлар құнын айқындау жөніндегі нормаларды нақтылау бойынша жасаған ұсыныстары қолдау тапты. Бұдан бөлек, Кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарлардың экспортын растайтын құжаттар тізбесін сәйкес келтіру бойынша жасалған түзетулері де қабылданды.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар