Мәжіліс салық заңнамасына мұнай экспортына ренталық салық салу жөнінде өзгертулер енгізу туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс салық заңнамасына  мұнай экспортына ренталық салық салу жөнінде өзгертулер енгізу туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Мәжіліс салық заңнамасына мұнай экспортына ренталық салық салу жөнінде өзгертулер енгізу туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 19-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ҚР салық Кодексінің мұнай операцияларына салық салу жөніндегі бөліміне шетелдерге шығарылатын мұнайға ренталық салық салу туралы өзгертулер енгізу жөніндегі "Қазақстан Республикасының салық мәселесіне қатысты кейбір заңдық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қараша 2003
  • 659
Фото - Caravan.kz

Мұндай салық «мұнай операцияларынан мемлекетке қосымша кіріс кіргізу және мұнайгаз секторына салынатын салық жүктемесін ұлғайту үшін енгізіліп отыр»,- деді мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов. «Экспортқа шығарылатын мұнайға ренталық салық салу мемлекеттік бюджетке құйылатын тұрақты кіріс көзін қалыптастырумен бірге, трансферттік баға белгілеу мәселесін шешуді, сондай-ақ, салық әкімшілігінің қарапайымдығын қамтамасыз етеді»,- деді ол.

Ренталық салық «тек жер қойнауын пайдалануға жасалған жаңа келісім-шарттарына қатысты, ал бұрынғы барлық келісім-шарттары сол қол қойылған кезде күшінде болған заңдарға бағынады»,- деп атап көрсетті министр.
Қ.Келімбетовтың айтуынша, «Экспорттық мұнайға салынатын ренталық салықты есептеу базасы ретінде іс жүзінде шетелдерде сатылатын мұнай көлемі мен рыноктағы бағаға сәйкес экспортталатын мұнайдың құны алынады. Бұл орайда мұнайдың сапалық сипаттамалары мен оны сатуға қатысты шығындар алып тасталады». «Жаңа салық мұнай өндіру процессіне салық салу моделін талқылау барысында жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан айтылған барлық кемшіліктерді ескереді»,- деді министр.
«Ренталық салықтың ставкасы бір баррель мұнай 19 долларға бағаланған жағдайда 1 проценттен бастап, 40 долларлық баға мен одан жоғары шамада 33 процентке дейін жылжымалы шкала бойынша белгіленеді»,- деді Қ.Келімбетов. Оның айтуынша, аталмыш салық түрін енгізуде «жер қойнауын пайдаланушылардың артық кірісін алу тетіктерін жетілдіру» мақсаты көзделіп отыр.
Сондай-ақ, салық заңдылығына енгізілген бұл жолғы өзгертулер мен толықтырулар арқылы жылжымайтын активтердің амортизациялық шығындарын есептеу әдістерін жетілдіру, негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған шығындарды салық салу базасына қамтымау және резидент еместерге салық салу мәселесін реттеу, салық әкімшілігіне қатысты мәселелерді реттеу, сондай-ақ, Салық Кодексінің жекелеген ережелерін нақтылау мақсаты шешіледі.
Атап айтсақ, қосарланған салық салуды жою жөніндегі конвенция ережелерін орындау, басқару процедурасы жеңілдеп, соның нәтижесі ретінде еліміздің халықаралық беделі көтерілмек.
Мәжілістің жалпы отырысында мәжіліс депутаттары заң жобасын екінші оқылымға дайындау жөніндегі комиссия құрды.

Соңғы жаңалықтар