Мәжіліс салық заңнамасына мұнай экспортына ренталық салық салу жөнінде өзгертулер енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс салық заңнамасына  мұнай экспортына ренталық салық салу жөнінде өзгертулер енгізу туралы заң жобасын екінші  оқылымда мақұлдады

Мәжіліс салық заңнамасына мұнай экспортына ренталық салық салу жөнінде өзгертулер енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Бүгін, 20-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ҚР салық Кодексінің мұнай операцияларына салық салу жөніндегі бөліміне шетелдерге шығарылатын мұнайға ренталық салық салу туралы өзгертулер енгізу жөніндегі "Қазақстан Республикасының салық мәселесіне қатысты кейбір заңдық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Қараша 2003
  • 597
Фото - Caravan.kz

Ренталық салық тек жер қойнауын пайдалануға жасалған жаңа келісім-шарттарына қатысты, ал бұрынғы барлық келісім-шарттары сол қол қойылған кезде күшінде болған заңдарға бағынады.

Экспорттық мұнайға салынатын ренталық салықты есептеу базасы ретінде экспортталатын мұнайдың құны алынады. Ал ол өз кезегінде шетелдерде іс жүзінде сатылатын мұнай көлемі мен рыноктағы бағаға сәйкес белгіленеді. Бұл орайда мұнайдың сапалық сипаттамалары мен оны сатуға қатысты шығындар алып тасталады. Ренталық салықтың ставкасы бір баррель мұнай 19 долларға бағаланған жағдайда 1 процентті құраса, баға 40 доллар немесе одан жоғары болған жағдайда 33 процентке дейін сырғымалы шкала бойынша белгіленеді.
Сондай-ақ, заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар түсті және қара металл қалдықтарын экспорттаудан түскен айналым қаржысын қосалқы құн салығынан босату туралы түзету енгізді. Қосалқы құн салығын төлеуден жұмысшыларының басым бөлігін 1,2 және 3-топтағы мүгедектер иемденетін кәсіпорындар босатылады. Сондай-ақ, депутаттардың ұсынысымен машина жасау, тоқыма, тігін, тері, етік өнеркәсібі, химия өнеркәсібі , резеңке және пластмасса бұйымдар жасау өндірістерімен айналысушы заңды тұлғалардың 1999-жылғы 3-тамыз күнгі жағдаймен жинақталған салық, айыппұл санкциялары мен акциздер (толық көлемде жергілікті бюджеттерге құйылатын салықтардан басқа) бойынша берешектерін өтеу мерзімі кейінге шегерілді. Алайда ол үшін кәсіпорындардың негізгі іс-қызмет түрінен түсетін кірісі жалпы жылдық кірістің 51 процентінен кем болмауы тиіс.
Депутаттардың бұл ұсынысымен үкімет келіскен жоқ. «Біз өз жұмысымыз барысында еліміз экономикасы үшін айрықша маңызды заң жобасына мемлекет басшысы 1-желтоқсанға дейін қол қойып қабылдануы үшін бізге өзара пәтуалы шешім табу жөнінде тапсырма берілуіне байланысты осындай бағыт ұстандық»,- дейді заң жобасын екінші оқылымға дайындау жөніндегі жұмыс тобының төрайымы, мәжіліс депутаты Татьяна Мужчиль.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар