Жарияланды: 640

Мәжіліс Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекстің (Салық кодексі) жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекстің (Салық кодексі) жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Жаңа Салық кодексі туралы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау минисрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасап, оның егжей-тегжейін түсіндірді. Сондай-ақ, бүгін мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын да бірінші оқылымда мақұлдады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін