"Мәжіліс сценарий бойынша жұмыс істейді ме": Руслан Берденов жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мәжіліс сценарий бойынша жұмыс істейді ме": Руслан Берденов жауап берді

"Мәжіліс сценарий бойынша жұмыс істейді ме": Руслан Берденов жауап берді

Бірер күн бұрын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Руслан Берденов Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас туралы өз ойымен бөлісті.

  • 27 Ақпан
  • 84
Фото: t.me/mazhilis_kz

Бұл туралы ол Ulysmedia You Tube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ата-ана мен көршіні таңдай алмаймыз. Мадагаскарға көшіп, Қазақстанды Гонконгқа әкете алмаймын. Менің елім осы, екі алпауыт көршім Ресей мен Қытай. Қытайға визасыз жүйе басталғанда халық туризмді дамытамыз деп қуанудың орнына шулады. Ресейде қазір санкциялар болып жатыр. Сол мүмкіндікті қолдана алатындар пайдалану керек. Соғыс бүгін бар, ертең бітеді. Мысалы, Ташкентте бірде-бір қазақстандық жоба жоқ. Енді ашылып жатыр. 30 жылда Ташкентте бір қазақстандық жоба жасай алмадық. Неге Мәскеуде біздің жобаларымыз болмайды? Қазір қоғамда біз Ресеймен жұмыс істемеуіміз керек, орыс тілін алып тастауымыз керек деген сыңайдағы әңгіме айтатын әсіре ұлтшылдар көбейіп кетті. Қазір Мәжілісте жұмыс 80-90% қазақ тілінде жүреді. Бұл — үлкен прогресс. Бізден шығып жатқан мұнайдың 95% Ресей арқылы өтеді. Ресей құбырды жапса, біз ары кетсе бір айға шыдаймыз. Бюджеттің 70% мұнайдан. Сондықтан, бүгін, қазіргі таңда бір конфликт болса, ұтылатын біз», — дейді ол.

Экс-депутат мәжілесте «сценарий бойынша жұмыс істейді» деген алып-қашпа әңгімеге де жауап берді.

«Мәжілісте дайын мәтін береді, соны оқисыздар. Сіздер бәрін сценарий бойынша істейсіздер деген әңгіме көп айтылады. Мен өзімнің екі жылдағы тәжірибемді айтайын. Маған бір рет болсын, мынаны оқы, осыны айт, мына мәселені көтерме деп ешкім айтпаған. Мен де келмей тұрып Парламентте сценарий бойынша жұмыс істейді, оқитын баяндамаларды беріп қояды дегенді естігем. Содан соң, маған да солай істейтін болса, қарсылық танытып, өз позициямды білдіремін деп бардым. Бірақ, екі жылда ондай дүние болған жоқ. Мен келген кезде Ерлан Қошанов мені шақырып алып сайлау бітті, Парламентке келдіңдер. Енді бөлінбей, бірігіп, халықтың игілігіне жұмыс істеңдер деді. Мен сол кезде таң қалдым. Сол атмосфера шынымен де әлі күнге дейін бар», — дейді ол.