Мәжіліс Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аймақтық антитеррорлық құрылымы аясындағы құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету туралы келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Шанхай ынтымақтастығы ұйымының  аймақтық антитеррорлық құрылымы аясындағы құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аймақтық антитеррорлық құрылымы аясындағы құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Кеше, 26-қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аймақтық антитеррорлық құрылымы аясындағы құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту жөніндегі" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қазан 2005
  • 319
Фото - Caravan.kz



«Заңды қабылдау қажеттігі Қазақстан мен ұйымға мүше барлық елдердің лаңкестік және экстремизммен күрес мәселелері бойынша өзара ақпараттар алмасуға мүдделілігіне сабақтас туындап отыр»,- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Владимир Божко.
Оның айтуынша, келісім шеңберінде «республикаға халықаралық лаңкестік және экстремистік ұйымдар туралы қажетті жабық ақпарттарды алып отыру, сондай-ақ, аталмыш қатерлерге тиімді қарсылық көрсете алатын әрі аймақтық және халықаралық жүйелерге интеграцияланған ұлттық жүйе құру мүмкіндігін қамтамасыз ету көзделіп отыр».
Келісімді жүзеге асыру аясында тараптарды аймақтағы ахуалдың өрбу барысы хақындағы болжамдық және басқа да сараптамалық ақпараттармен қамтамасыз ету межеленген.
Келісімге Қазақстан 2004-жылдың 17-маусымында Ташкентте қол қойған.
Заң жобасы сенаттың қараына ұсынылды.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта