Мәжіліс спикері алдағы президент сайлауында қазіргі Елбасы жеңеді дегенге сенімді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс спикері алдағы президент сайлауында қазіргі Елбасы жеңеді дегенге сенімді

Мәжіліс спикері алдағы президент сайлауында қазіргі Елбасы жеңеді дегенге сенімді

Мәжіліс спикері алдағы президент сайлауында қазіргі Елбасы жеңеді дегенге сенімді. Бұл туралы Орал Мұхамеджанов палатаның кезекті сессиясының бірінші жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қыркүйек 2005
  • 397
Фото - Caravan.kz

«Мен қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеңіске жететініне сенімдімін. Қазақстандықтардың басым бөлігі сияқты мен бұған шәк келтірмеймін»,- деп мәлімдеді О.Мұхамеджанов.
Мәжіліс депутаты Валерий Котовичтің пікірінше, «сайлау алдындағы науқан қызу болайын деп тұр». «Қазақстандықтардан басым дауыс жинаған үміткер жеңеді»,- деді ол.
«Сайлау алдындағы науқан қызады» , деген пікірге депутат Ерасыл Әбілқасымов та қосылады. Өйткені, оның пікірінше, «алдағы сайлауға аса қарымды бәсекелестер қатысады».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ел Консттуциясына сәйкес бүгін мәжіліс депутаттары кезекті президент сайлауының мерзімін жария етті. Қазақстан президентінің сайлауы 2005-жылғы 4-желтоқсанда өтеді.
Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатысатынын мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта