«Бүгінде еліміздегі бүкіл саяси күштер ұрысқа әзірленіп, қызу қимылға кірісті»,- деді Ж.Тұяқбай. Оның пайымдауынша, мұндай жағдайда «заңдылық пен заңсыздықтың аражігін аттап өту оңай, өкінішке орай, еліміздегі сайлауларда ондай жайттар жиі кездеседі». Осыған орай Ж.Тұяқбай «саяси күштер адамгершілік, өнегелілік және заңдылық шеңберінен шықпайды» дегенге сенім білдірді.
Сондай-ақ, мәжіліс спикерінің айтуынша, «күрес қатаң болайын деп тұр». Оның болжамы бойынша, сайлау сансыз сот процесстері мен шағымдарға толы болмақ.
Дегенмен, Ж.Тұяқбай алдағы сайлау «жоғары деңгейде өтеді» дегенге сенім білдірді. Оның пайымдауынша, «бәрі бірдей кедір-бұдырсыз өтеді деуге болмайды, заңсыздықтар шығатыны анық, дегенмен, олар жалпылама сипатқа ие болмайды».
Ж.Тұяқбайдың пікірінше, атқарушы биліктің сайлау барысына «зерделілікпен араласпау» ұстанымына бағынуының маңызы зор. Сондай-ақ, бүгінде Қазақстанда «қандайбір экстремистік, радикалдық, төңкерісшіл көзқарастағы» партия жоқ, сол себепті «қандайбір шұғыл саяси өзгеріс болады деп қауіптенудің қажеті жоқ».