Мәжіліс спикері Қ. Жақыпов 2015 жылды қорытындылады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс спикері Қ. Жақыпов 2015 жылды қорытындылады

Мәжіліс спикері Қ. Жақыпов 2015 жылды қорытындылады

Бүгін 2015 жылғы Парламент Мәжілісінің соңғы жалпы отырысы болып өтті. Жиын соңында палата спикері Қабиболла Жақыпов ағымдағы жылы атқарылған заңнамалық қызметті қорытындылап, сөз сөйледі.

  • 23 Желтоқсан 2015
  • 431
Фото - Caravan.kz

Сөз барысында палата төрағасы ағымдағы жылдың еліміз үшін қай қырынан алғанда да ерекше болып өткенін атап өтті. Соның ішінде спикер мерейтойларға толы жылдың аясында Қазақстан өзінің тарихындағы маңызды мәселеге ден қойғанын, Қазақ хандығының 550 жылдығын кеңінен атап өту арқылы әлемге Ұлы даладағы қазақ мемлекеттігінің мұрагері екенін танытқанын жеткізді. «Биылғы жылы Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне кірісті. Сондай-ақ біз биыл ДСҰ толыққанды мүшелігіне өттік. Еуропалық Одақпен Қазақстан арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге күні кеше қол қойылды.   Мемлекет басшысының бастамасымен республикамыз бен тұтастай ұлтымызды жаңғыртуға бағытталған бес инстиуттық реформалар ауқымы жүзеге аса бастады. Әлбетте, осынау тарихи оқиғалардың барлығына депутаттық корпус белсенді араласты», — деді Қ. Жақыпов.

Сонымен қатар, палата төрағасы 2015 жыл Қазақстан үшін оңай кезең болмағанын, әлемді шарпыған дағдарыс пен жаһандық қатерлер елімізге де өз әсерін тигізгенін айтты.

«Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында айтқандай, «Бүгінгі ахуал біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз». Осы бағытта Еліміздің мемлекеттік тұғырын бекемдеуге, құқықтық негізін одан әрі нығайтуға Парламент депутаттарының қосқан үлесі зор», — деді Қ.Жақыпов.

«Келесі жыл — Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Сондай-ақ, біз халқымыздың азаттық пен тәуелсіздік жолындағы күресінде ерекше орны бар бірқатар айтулы оқиғаларды атап өтеміз. Келесі жыл — парламенттік сайлау өтетін жыл. Осыған орай біз алдымызда тұрған міндерттерді лайықты түрде атқарып, халқымыздың, Елбасының сенімін ақтауға тиіспіз. Сонымен қатар, келесі жыл ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықтың соңғы жылы. Бұл — мемлекетіміз, халқымыз үшін үлкен сынақ болатын іс-шара.  Әрине, Парламент пен барша депутаттар да оны жоғары деңгейде өткізуге күш салады», — деп түйіндеді сөзін Қ.Жақыпов.


Соңғы жаңалықтар