Жарияланды: 370

Мәжіліс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы жүйелерінің орнықты қосарлас жұмысын қамтамасыз ету үшін ресурстар резервін жасау жөніндегі келісімді ратификациялауды мақұлдады

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы жүйелерінің орнықты қосарлас жұмысын қамтамасыз ету үшін ресурстар резервін жасау және оларды тиімді пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұл келісімге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы 8 мемлекет қол қойған. Келісімге Украина, Әзербайжан, Өзбекстан мен Түрікменстан қол қойған жоқ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін