Мәжіліс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы жүйелерінің орнықты қосарлас жұмысын қамтамасыз ету үшін ресурстар резервін жасау жөніндегі келісімді ратификациялауды мақұлдады
Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы жүйелерінің орнықты қосарлас жұмысын қамтамасыз ету үшін ресурстар резервін жасау және оларды тиімді пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.