Мәжіліс терроримзе қарсы іс-қимыл жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс терроримзе қарсы іс-қимыл жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс терроримзе қарсы іс-қимыл жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін ҚР Парламентінің жалпы отырысында палата депутаттары

  • 14 Қараша 2012
  • 363
Фото - Caravan.kz

«ҚР кейбір заңнамалық актілерінің терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Аталған құжаттың мақсаты терроризм қаупінің, сондай-ақ террористік қатерлер көріністерінің арта түсуін ескеріп, лаңкестікке қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін жетілдіру болып табылады. Осыған орай әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске террористік тұрғыдан осал нысандардың атауларын нақтылау, терроримзге қарсы операцияларды жүргізу кезінде күзет қызметін тоқтата тұру туралы талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу секілді нақтылаушы сипаттағы өзгерістер енгізіледі. Бұдан бөлек лаңкестікке қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесі бойынша ел Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілеттіктері нақтыланады.

Терроризм актілерінің жолын кесу үшін Қазақстан Қарулы Күштерін қолданудың тәртібі, сондай-ақ терроризмге қарсы операция режимін енгізу туралы халықты хабарландырудың тәртібі айқындалады.