Мәжіліс терроризмге қарсы іс-қимылды қамтитын құжатты екінші оқылымда мақұлдады
![]() |
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. |
Аталған құжаттың мақсаты терроризм қаупінің, сондай-ақ террористік қатерлер көріністерінің арта түсуін ескеріп, лаңкестікке қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін жетілдіру болып табылады. Осыған орай әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске террористік тұрғыдан осал нысандардың атауларын нақтылау, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде күзет қызметін тоқтата тұру туралы талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу секілді нақтылаушы сипаттағы өзгерістер енгізіледі. Бұдан бөлек лаңкестікке қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесі бойынша ел Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілеттіктері нақтыланады.
Терроризм актілерінің жолын кесу үшін Қазақстан Қарулы Күштерін қолданудың тәртібі, сондай-ақ терроризмге қарсы операция режімін енгізу туралы халықты хабарландырудың тәртібі айқындалады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін