Мәжіліс терроризммен күрестегі ынтымақтастықты қарастыратын Қазақстан мен Түркия арасындағы келісімнің ратификациясын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс терроризммен күрестегі ынтымақтастықты қарастыратын Қазақстан мен Түркия арасындағы келісімнің ратификациясын мақұлдады

Мәжіліс терроризммен күрестегі ынтымақтастықты қарастыратын Қазақстан мен Түркия арасындағы келісімнің ратификациясын мақұлдады

Парламент сенаты бейсенбі күні пленарлық отырысында Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады.

  • 23 Маусым 2011
  • 487
Фото - Caravan.kz

Келісімнің мақсаты — саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, гуманитарлық, мәдени және басқа салалардағы екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың хабарлауынша, келісіммен тараптардың жаппай қырып жоятын қаруды таратпау, терроризммен, контрабандамен, есірткінің заңсыз айналымымен және қару-жарақ саудасымен күрестегі екіжақты, аймақтық және халықаралық негіздегі ынтымақтастығы қарастырылған. Сонымен қатар, тараптар трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, соның ішінде, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіретін заңсыз көші-қонмен және адам саудасымен күрес саласында да ынтымақтастық орнатады.

Бұдан басқа, «келісім Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Таяу Шығыс бағытындағы мүдделерін ілгерілету бойынша шешуші мәнге ие».

Жалпы алғанда, СІМ басшысының орынбасары қазақстандық-түркиялық қарым-қатынастарды жандандыру Қазақстанның Орталық Азиядағы халықаралық саяси және экономикалық құрылымдарға интеграцияланған көшбасшы ретіндегі халықаралық беделін нығайтуға ықпал ететінін айтты.

Келісімге 2009 жылдың 22 қазанында Анкарада қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар