Мәжіліс ТМД мемлекеттерінің өзара сауда-саттықтағы шектеулерді кезеңмен жою туралы хаттаманы бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс ТМД мемлекеттерінің өзара сауда-саттықтағы  шектеулерді кезеңмен жою туралы хаттаманы бекітуді мақұлдады

Мәжіліс ТМД мемлекеттерінің өзара сауда-саттықтағы шектеулерді кезеңмен жою туралы хаттаманы бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 8 қараша . Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "ТМД мемлекеттерінің өзара сауда-саттықтағы шектеулерді кезеңмен жою туралы хаттаманы бекіту" туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 8 Қараша 2006
  • 327
Фото - Caravan.kz

«Хаттаманың мақсаты -өзара сауда айналымын ұлғайту, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету және ТМД-ға мүше мемлекеттер халықтарының тұрмыс жағдайын жақсарту»,-деп мәлімдеді депутаттарға заң жобасын ұсынған индустрия және сауда вице-министрі Асқар Баталов.

Оның айтуынша, хаттама ТМД мемлекеттері арасындағы өзара сауда-саттықта еркін сауда режимінен алынатын алым-салықтарды алып тастаудың жалпы мерзімін белгілейді . Сонымен қатар, хаттамада импорт барысында өзара еркін саудадағы тарифтік емес шектеулерді алып тастаудың нақты мерзімі айқындалған.

«Қазіргі алым-салықтарды жою ТМД мемлекеттеріне еркін сауда аймағын құруды аяқтауға мүмкіндік береді»,-деді А.Баталов.

Хаттамаға 2005 жылы 3 маусымда Тбилисиде қол қойылған болатын.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта