Мәжіліс төменгі палатаның депутаты Аслан Мусиннің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс төменгі палатаның депутаты Аслан Мусиннің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді

Мәжіліс төменгі палатаның депутаты Аслан Мусиннің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста төменгі палатаның депутаты Аслан Мусиннің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Қазан 2008
  • 529
Фото - Caravan.kz

Бұл шешімді палата бір дауыстан қабылдады.

ҚР ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаевтың түсіндіруінше, палатаның қарауына екі құжат ұсынылды: Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Аслан Мусиннің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ОСК қаулысы мен соған байланысты мәжіліске таныстыру.

ҚР Конституциясының 52-ші бабына, ҚР «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңының 24-бабының 2, 3 және 8 -тармақтарына сәйкес ҚР ОСК қаулы етеді: Қазақстан президентінің 2008 жылдың 13 қазанындағы №671 жарлығы — президенттің А. Мусинді президент әкімшілігінің жетекшісіне тағайындау туралы — жарлығы қабылдануына байланысты парламент мәжілісі депутатының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз туып отыр», — деді ОСК мүшесі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар