Ерлан Қошанов, бас партияның басшысы көш бастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Халықтық штаб» деген сөзді алдағы бір айда барынша көп естіп, оқитын сияқтымыз — бұл атом электр станциясын салуды қолдайтын жиын.
Неге халықтық? Себебі елдегі 6 саяси партия және 20 қоғамдық бірлестіктің 250 өкілі кіріп, ортақ мақсатқа жұмылып жатыр.
Ең белсенді һәм беделді саяси ұйымдардың барлығы осында — өйткені, АЭС салудың талқысы күнде болып жататын іс емес!
«АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Сондықтан Халықтық штабтың міндеті – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. 6 қазанда өтетін референдум біздің бірлігімізді көрсетеді», – деді ол.
«Қошанов айтса сендіреді. Сендіреді ғой Қошанов. Асықпай, байыппен ғана…», — деп пікір білдірді Алмас Алтай.
АЭС құрылысының маңыздылығы мен пайдасын қоғамға жеткізу, халық арасында тамыры тереңде жатқан мифтер мен фобияларды жою – Халықтық штабтың басты міндеті болмақ.
Демек, бұрын да талай сыннан «жайнаған туы жығылмай» өткен Қошановқа бұл жолы да зор жауапкершілік жүктелді деген сөз.