Мәжіліс төрағасы әзірлеген заң жобаларының сапасыздығына байланысты үкіметті сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс төрағасы әзірлеген заң жобаларының сапасыздығына байланысты үкіметті сынға алды

Мәжіліс төрағасы әзірлеген заң жобаларының сапасыздығына байланысты үкіметті сынға алды

Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов әзірлеген заң жобаларының сапасыздығына байланысты үкіметті сынға алды.

  • 30 Маусым 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Мәжілістің қарауына берілетін заң жобалары туралы көп айтылып жүр. Соған қарамастан, біз оның тиісті нәтиже бермей отырғанын мойындауға мәжбүр болдық. Заң жобаларына қатысты материалдар тиісінше рәсімделмейді. Соның кесірінен өткен сессияда үкіметтен келіп түскен 130 заң жобасының 72-сі немесе жартысынан астамы кері қайтарылды», — деді О.Мұхамеджанов парламент палаталарының бейсенбі күнгі бірлескен отырысында.

Оның айтуынша, бюджетті жоспарлау мен атқару бағытында қызмет атқаратын тиісті органдардың жұмысы көңілден шықпайды.
«Былтыр бюджет екі рет нақтыланды. Соған қарамастан 37 млрд 500 млн теңге игерілмей қалды. 41 бюджет әкімшісінің 26-сы бюджеттің толық орындалуын қамтамасыз ете алмады», — дейді О.Мұхамеджанов.
Спикердің айтуынша, үкіметке «жүйелі ағаттықтарды мұқият зерттеп», «қаржылық қызмет талаптарын өрескел бұзған атқарушы органдар басшыларына қатаң шара» қолданатын уақыт жетті.

Соңғы жаңалықтар