Мәжіліс төрағасы Болгария президентімен кездесті - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс төрағасы Болгария президентімен кездесті

Мәжіліс төрағасы Болгария президентімен кездесті

Бүгін, 26-қыркүйекте ҚР парламентінде мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай мен Болгария президенті Георги Пырвановтың кездесуі өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне палатаның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Қыркүйек 2003
  • 456
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс төрағасы Г.Пырвановқа республика парламентінің құрылымы және оның заң шығару іс-қызметі, заң шығарушы және атқарушы биліктің өзара ықпалдастығы туралы әңгімелеп берді.

Тараптар Қазақстан-Болгария экономикалық байланыстарын дамытуға ойдағыдай мүмкіндік қалыптасқанын атап өтті. Болгария мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастық екі мемлекеттің даму жағдайындағы ұқсастық пен мақсат ортақтастығына, тарихи әріптестік дәстүріне, екі ел экономикасының бір-бірін үйлесімді толықтыру қабілетіне негізделетінін атап өтті. Болгария президентінің айтуынша, «өзара ықпалдастық сондай-ақ, қазіргі әлемге тап келіп отырған лаңкестік, есірткі тасымалы, заңсыз көші-қон тәрізді ғаламдық қауіптерге қарсы бірлесіп күресу талабымен де тікелей байланысты болмақ».
Г.Пырвановтың айтуынша, «Болгарияның Еуропалық қауымдастыққа белсенді интеграциялану процессі бұл елдің Қазақстан секілді дәстүрлі әріптестерімен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуына әсте кедергі келтірмейді».
Осы орайда кездесуші жақтар Қазақстан мен Болгария парламенттері арасындағы тиімді ықпалдастық — жалпы екі ел арасындағы ынтымақтастық пен өзара жақындасуға түрткі болушы басты фактор екенін атады. Парламентаралық ықпалдастық тиісті депутатттық топтар мен заң шығарушы органдар басшыларының деңгейінде қалыптасуы тиіс деп атап көрсетілді. «Халықаралық ынытмақтастық стратегиясы мен оның даму қарқынын негізінен екі парламент айқындауы тиіс»,- деп Г.Пырванов ой қорытты.

Соңғы жаңалықтар