Жарияланды: 570

Мәжіліс Төрағасы ЕКПА төрағасын қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) төрағасы Мевлют Чавошоғлы мырзаны қабылдады.

Мәжіліс Төрағасы мейманға Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясына қатысуға келгені және ЕКПА жұмысында біздің елімізге қолдау жасағаны үшін алғысын білдірді. ЕКПА делегациясы үстіміздегі жылы 3 сәуірде өткен Президенттік сайлауға бақылаушы ретінде белсенді қатысты. Және де сайлауға әділ әрі жоғары аға берді. Жалпы сәуірдегі сайлауда 1050 тәуелсіз байқаушылар қатысты. Барлығы да сайлауды ұлттық заңдарымызға және халықаралық стандарттарға сәйкес өткенін мәлімдеді. «Қазақстанның тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаушылардың 95,55 пайыз дауысын жинауы тұңғыш Президенттің ішкі және сыртқы саясаттағы жүргізіп отырған бағытының бүкілхалықтың қолдауға ие екендігін көрсетеді»,- деді О. Мұхамеджанов. Мәжіліс Төрағасы 2011 жылы сәуір айының соңында Астанада Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (Түрк ПА) екінші отырысы өткенін, сол басқосу барысында Түрк ПА-ның төрағалық міндеті Әзербайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына табыс етілгенін айтты. Маусым айында Астана бірқатар халықаралық шаралардың орталығына айналды. Соның ішінде VII Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы болып өтті. Оған екі мыңдай өкілдер қатысты. Сол басқосуда Қазақстан Президенті Н. Назарбаев бірқатар өміршең ұсыныстарды жария етті. Атап айтқанда, Елбасы Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдердің қатысуымен халықаралық инновациялық қор құруды ұсынды. Ислам даму банкі жанынан шағын және орта кәсіпкерлік қорын құру қажеттігін айтқан болатын. Мәжіліс Төрағасы бұл ұсыныстар алдағы уақытта ИКҰ-ға мүше елдер тарапынан қолдауға ие болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ Астанада Шанхай Ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық отырысы болып өтті. Мевлют Чавошоғлы өз кезегінде Қазақстан соңғы жылдары халықаралық дәрежеде зор беделге ие болғанын айтты. «Атап айтқанда, өткен жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық міндетін абыройлы атқарды. Енді қазір Ислам Конференциясы Ұйымына да сәтті жетекшілік етуде. Енді Астанада аталған ұйымның жаңа атауы пайда болды. ИКҰ-ның жаңа бағыттары пайда болмақ. Бұл Ислам Конференциясы Ұйымы үшін ерекше тарихи сәт»,- деді Мевлют Чавошоғлы. Мейман Президенттік сайлаудың сәтті өткенімен құттықтады. Қазақстанға ізгі тілегін жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін