Мәжіліс Төрағасы Германия Елшісін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Төрағасы Германия Елшісін қабылдады

Мәжіліс Төрағасы Германия Елшісін қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Райнер Ойген Шлагетер мырзаны қабылдады.

  • 21 Маусым 2011
  • 413
Фото - Caravan.kz

Бұл жүздесу Германия елшісінің Қазақстандағы қызметінің аяқтауына орай өтті. Мәжіліс Төрағасы елшіге Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық байланыстарды нығайту жолында жасаған еңбегіне алғыс айтты.

Мәжіліс Төрағасы соңғы жылдары Қазақстан мен Германия арасындағы саяси-экономикалық байланыстың өрістей түскенін атап өтті. Оған жоғары деңгейде өткен жүздесулер мен келіссөздер басты негіз болды. Өткен жылы арнайы іссапармен ГФР Федеральдық канцлері Ангела Меркель ханымның Қазақстанға екі мәрте келгені белгілі. Сондай-ақ ГФР Сыртқы істер министрі, Бундестаг депутаттары да келіп, екі ел арасындағы әріптестік байланыстың өріс алуына ықпал етіп, өз тәжірибелерімен бөлісуге атсалысты.

Әсіресе, 2009 жылы Қазақстанның Германиядағы жылы және 2010 жылы Германияның қазақ еліндегі жылы табысты өткені анық.

«Германия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жөніндегі ұсынысқа қолдау білдірді. Сонымен қатар еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне де ықпал етуде»,- деді Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов.

2010 жылдың қорытындысы бойынша Германия Қазақстанмен сауда-экономикалық әріптес елдердің ішінде алтыншы орынға көтерілді. Қос мемлекеттің ынтымақтастық, саяси-экономикалық байланысы арта түсуіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға жасаған ресми сапары, мемлекет басшыларының жоғары деңгейде өткен кездесулері негіз болды.

Елші өз кезегінде жылы лебізі үшін Мәжіліс Төрағасына ризашылығын білдірді. Өзі қызмет еткен 4 жыл ішінде біраз істер атқарылғанын айтты. «Қазақстанның ұлан байтақ жері бар, үлкен қалаларында, шағын елді мекендерінде болып, біраз өңірлерді араладым. Барлық жерде де мені жылы қарсы алды. Әсерлі күндерім ретінде есімде сақталады. Бұдан төрт жыл бұрын Астана қаласы да қазіргідей емес еді. Аз ғана уақыттың ішінде одан сайын көркейді. Мемлекет те экономикалық өрлеу жолына түсті»,- деді Райнер Ойген Шлагетер мырза.

Тараптар сауда-экономикалық айналымды жақсарту, білім мен ғылым саласындағы байланысты жан-жақты ұлғайту қажеттігі жөнінде пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар