Мәжіліс төрағасы О. Мұхамеджанов палатаның төртінші сессиясын қорытындылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс төрағасы О. Мұхамеджанов палатаның төртінші сессиясын қорытындылады

Мәжіліс төрағасы О. Мұхамеджанов палатаның төртінші сессиясын қорытындылады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі өзінің төртінші сессиясындағы соңғы отырысын өткізді. Осыған орай, отырыс соңында палата төрағасы Орал Мұхамеджанов өткен сессияны қорытындылап, сөз сөйледі.

  • 29 Маусым 2011
  • 575
Фото - Caravan.kz

«Өткен кезең ел өмірінде маңызды оқиғаларға толы болды. Көп елдермен салыстырғанда, Қазақстан экономикалық дағдарыстан шығынсыз өтіп, тұрақты даму жолына түсті. Өткен жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 7 пайызды құрады. Елбасы бастамашылық жасаған «Жол картасы» халықты жұмыспен қамту проблемасын айтарлықтай шешуге мүмкіндік берді. Әр облыста жүздеген білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары, мыңдаған шақырым жолдар жөндеуден өтіп, көптеген жаңа жұмыс орындары ашылды» — деді О. Мұхамеджанов өз сөзінде.

Сонымен қатар, Палата төрағасы еліміздің алдында тұрған өрелі міндеттерге де тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан 2016 жылға қарай жан басына шаққандағы ЖІӨ-ді 15 мың долларға жеткізіп, табыс деңгейі жоғары елдер қатарына кіру міндетін қойып отыр. Сондай-ақ 2015 жылға дейін жалпы сомасы шамамен 80 млрд. долларды құрайтын 500-ге жуық жоба жүзеге асып, 200 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

«Осы орайда атап өтетін мәселе, өткен жылдың өзінде жалпы құны 800 млрд. теңгеден асатын 152 жаңа нысан іске қосылды», — деді О. Мұхамеджанов.

Соңғы жаңалықтар