Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Көксал Топтанмен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Көксал Топтанмен кездесті

Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Көксал Топтанмен кездесті

Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Көксал Топтанмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қазан 2008
  • 823
Фото - Caravan.kz

Аталған жүздесуге Түркия тарапынан Түрік-Қазақстан парламентаралық достық тобының жетекшісі Мехмет Шешек, сондай-ақ Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Атилла Гюнай қатысты.

Түркия — парламенттік республика. 1923 жылы 29 қазанда ел тәуелсіздігі жарияланған. Елдің негізін қалаған және тұңғыш Президенті — Мұстафа Кемал Ататүрік. Айта кету керек, жоғарғы заң шығару органы — бір Палаталы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Мәжілісі. 550 депутат тікелеу сайлау жүйесі арқылы 5 жылға сайланады. 2007 жылғы тамыздың 9-ы күні Көксал Топтан депутаттардың дауыс беруі қорытындысы бойынша парламент төрағасы болып сайланды.

Соңғы жылдары Қазақстан-түрік парламентаралық байланысы дами түсуде. Екі елдің заң шығарушы органдарында депутаттық достық тобы белсенді жұмыс істеуде. 2005 жылғы ақпан айында палата төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған ҚР парламенті мәжілісінің делегациясы Түркия Республикасына арнайы сапармен барып келді.

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Түркия Қазақстанның маңызды және ірі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, екі ел арасындағы сауда айналымы үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айлары ішінде 1,428 млрд АҚШ долларын құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар