«Қазақстан Республикасының Конституциясының 58-бабының 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының парламент палаталарының бірлескен отырысы Астанада 2007 жылдың 9-ақпанында 10 сағатта өтеді»,- деп көрсетілген құжатта.
Бұрын хабарлағанымыздай, палаталардың бірлескен отырысында Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Конституцияға сәйкес, үкімет бағдарламасы туралы баяндама жасайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті