Мәжіліс төрағасы Қазақстандағы Куба істері жөніндегі сенімді өкілді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс төрағасы Қазақстандағы Куба істері жөніндегі сенімді өкілді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады

Мәжіліс төрағасы Қазақстандағы Куба істері жөніндегі сенімді өкілді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады

Бүгін, 17-ақпанда ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай Қазақстандағы Куба істері жөніндегі сенімді өкіл Блас Набель Перес де Камехо мырзаны еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталуына байланысты қабылдады.

  • 17 Ақпан 2004
  • 487
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сұхбатқа қатысушылар өзара әңгіме-дүкен барысында Кубаның еліміздегі дипломатиялық өкілдігі елшілік мәртебесіне ие болуының маңызын атап өтті. «Бұл Қазақстан-Куба қарым-қатынастарында жаңаша даму кезеңі басталғанын айғақтайды»,- деді Блас Набель Перес де Камехо.
Ал Ж.Тұяқбай миллиондаған қазастандықтардың сана-сезімінде орныққан Бостандық аралының маңызын атап өтті. «Біз балалық шақтан Куба халқының бостандық сүйгіштігін үлгі тұтып, Куба төңкерісінің романтикалық әсерімен тәрбиелендік»,- деді ол.
Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты сұхбаттасушылар сіңісті дәстүрлер санатына қосты. Олардың бағалауынша, екі ел арасындағы осы байланысты қалпына келтіре дамытуға барлық алғышарттар жасалған. Перес де Камехоның айтуынша, «қазірдің өзінде Кубадағы тракторлардың 60 проценті Павлодарда жасалса, металлургия өнімдерінің тең жартысына жуығы Қарағандыдан шыққан».
Ж.Тұяқбайдың айтуынша, екі жақты ынтымақтастықтың тиісті деңгейде пайдаланылмай отырған қосымша қорына туризм, фармацевтика, мұнай өңдеу және азық-түлік өнеркәсібі салаларын қосуға болады. Парламентаралық ықпалдастықтың әлеуеті де зор. Бұл да міндетті түрде жүзеге асады дегенге мәжіліс төрағасы сенімді. «Қазақстан және Куба халықтарының бір-біріне деген ықыласы бұл процестің негізі әрі кепілі»,- деді Ж.Тұяқбай.

Соңғы жаңалықтар