Жарияланды: 470

Мәжіліс төрағасы ТМД ПА Бас хатшысын қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Кеңесінің Бас хатшысы - Хатшылық Кеңесінің жетекшісі - Михаил Кротовты және ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Бас хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентінің ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПА және ҰҚШҰ ПА өкілі Халел Бәкеновты қабылдады.

Кездесу барысында 14-17 мамырда Санкт-Петербор қаласында өткен ТМД ПА-ның 36-шы мәжілісінің қорытындысы, парламентаралық бірлестіктер шеңберінде ынтымақтастықты дамыту жайы жан-жақты талқылады. Өз кезегінде М.Кротов мырза Мәжіліс Төрағасын ТМД ПА Бас хатшысының Қазақстанға жасаған іссапары барысында қол қойылуға тиісті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және ТМД ПА арасындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарт жобаларымен таныстырды. Аталған келісім-шартта Ынтымақтасқан мемлекеттер кеңістігінде ортақ білімдік сыйпат қалыптастыруға ықпал ету, халықаралық парламенттік ұйымдар мен басқа да қауымдастықтардың өзара қатынастарының тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша бірлесіп жүргізілетін зерттеулер мен заң шығару моделінің ТМД ПАА аясында жүзеге асыратын өзекті мәселелері қарастырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін