Мәжіліс төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылар тобымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылар тобымен кездесті

Мәжіліс төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылар тобымен кездесті

Бүгін, 17-қыркүйекте Астанада мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай Қазақстан парламентінің төменгі палатасы депутаттарының 19-қыркүйекке межеленген сайлауын қадағалауға келген ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылар тобымен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қыркүйек 2004
  • 340
Фото - Caravan.kz

Бақылаушылар мәжіліс төрағасына өз мақсаттары мен міндеттері туралы әңгімелей отырып, республика халқы мен депутаттықтан үміткерлердің «саяси белсенділігі анағұрлым арта түскенін» атап өтті. ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы Михаил Кротов Достастықтың интеграциялық ұйымдары әзірлеген ұйымға қатысушы елдердің сайлауды әділ әрі ашық өткізу жөніндегі біртұтас стандарттарының маңызын атап өтті. «Демократиясы жаппай мойындалған көптеген елдердің өзінде қоғам тарапынан сайлау барысын қадағалау тетіктері жоқ екенін ескерсек, бұл нормалардың құндылығы тіптен арта түседі»,- деді М.Кротов.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар алдағы сайлауға деген басты талап — оның Қазақстан заңдарына сәйкестігі екенін атап көрсетті.

Перейти к новостям спорта