Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мәжіліс төрағасы Лисаковск және Жетіқара шағын қалалары мен облыстың Қарабалық және Қарасу аудандарында болмақшы.
Бүгін, 1-наурызда О.Мұхамеджанов «Қазақстан аллюминиі»ААҚ-ына қарасты Краснооктябрь боксит кен басқармасы мен темір кенін өндіруші «Өркен» ЖШС ұжымымен жүздесіп, Лисаковск қаласын түзуші басқа да кәсіпорындарды аралап, №6 орта мектеп, жергілікті колледж бен қаладағы орталық ауруханада болады.
Сәрсенбіде мәжіліс төрағасы Жетіқарада өз сайлаушыларымен жүздеседі. Осындағы әлеуметтік маңызды нысандармен бірге ол су тазарту қондырғылары мен орталық қазандықта болмақшы.
Қарабалық және Қарасу аудандарында О.Мұхамеджанов салынып жатқан және таяуда ғана пайдалануға берілген мәдени-әлеуметтік нысандарды аралайды.