Мәжіліс төтенше жағдай туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс төтенше жағдай туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс төтенше жағдай туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Кеше, 16-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Төтенше жағдай туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Қараша 2005
  • 475
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, заң жобасы «жергілікті комендатура мен мемлекеттік комиссияның құқықтық мәртебесін анықтау үшін» жасалған.

Атап айтсақ, заңға «аталмыш арнаулы органдардың құрылымы, бағыныш сатысы, органдар арасында өзара есеп беру және өзара ықпалдастық орнату жолдарын айқындайтын түзетулер енгізіледі».
Заң жобасы сенаттың талқысына жолданды.

Перейти к новостям спорта