Мәжіліс: «Үкіметте өңкей ірі бизнесмендер отыр!» - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс: «Үкіметте өңкей ірі бизнесмендер отыр!»

Мәжіліс: «Үкіметте өңкей ірі бизнесмендер отыр!»

Бүгін мәжілісмендер үкіметте өңкей ірі бизнесмендер отыр деп мәлімдеді. Депутаттар «сол кәсіпкер әрі шенеуніктер қазынаның қаржысына салынған инфрақұрылымдарды жаппай жекенің қолына сатып жібермек» деп қауіптеніп отыр.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 281
Фото - Caravan.kz

Халық қалаулылыары, әсіресе, арнайы экономикалық аймақтар үшін алаңдайды екен. Өйткені жаңа заң жобасында ондағы инфрақұрылымды, яғни қоймалар, жол, жарықпен қамту, байланыс, коммуналдық шаруашылықты жеке компанияның  жарғылық қорына беру туралы жазылыпты. Бұған  халық қалаулылары мүлдем қарсы. Ал еліміздегі 9 арнайы экономикалық аймақтағы инфрақұрылымды салу үшін мемлекеттен 238 миллиард теңгеге бөлінген екен. Депутаттар дәл осы мемлекеттің ақшасына салынған  нысандарды  біреулер төмен бағаға саудалап, иемденіп алмақ деп шырылдап отыр.

Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:

—  Ол объектілерді  қарыз ретінде беру керек. 238 млр. қарыз болса, ол ойланады. Жарғылық капиталда болса, өзімнің меншігім, кімге сатқысы келсе, соған сата салады. Ол келісе салады ғой, үкіметте жүргендердің бәрі бизнесте жүрген азаматтар. Оның бәрін білеміз. Бұл жерде мемлекеттік мәселе тұр. Хоргос тұр, Астана экономикалық аймағындағы үлкен қаржылар тұр. 

Соңғы жаңалықтар