Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, соған сәйкес Азаматтық-процессуалдық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекс, Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерге, «БАҚ туралы» заңға, «Діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Шұғыл іздестіру іс-қызметі туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және басқа да заңдарға түзетулер енгізіледі.
Бұл заң жобасы арқылы азаматтарды экстремистік іс-әрекеттері, экстремистік немесе лаңкестік іс-қызметті қаржыландырғаны үшін жауапкершілікке тарту қарастырылған. Құжатта шетел азаматтарының Қазақстандағы саяси партияларды қаржыландырғаны және сайлауда саяси партиялар мен үміткерлердің ат ұсынуына және сайлануына түрткі болатын әрекеттері үшін жүктейтін жауапкершілігі реттеледі.
Заңға діни топтарды міндетті түрде тіркеу туралы ереже мен шетелдік дін таратушылардың іс-қызметін реттеуге қатысты түзетулер енгізілген.
Сонымен бірге заң жобасында мемлекеттік тілдегі хабарларды тәулік бойына біркелкі тарату тәртібі қарастырылған. Сонымен бірге заңды жобалаушылар қазақстандық БАҚ-тардың редакцияларын шетел азаматтарының басқаруына тыйым салуды ұсынып отыр.
Заң жобасы сенаттың қарауына жолданды.