Мәжіліс Ұлы отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамаларға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Ұлы отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамаларға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс Ұлы отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамаларға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 1-желтоқсанда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Ұлы отан соғысының ардагерлері, мүгедектер мен асыраушысынан айрылуға байланысты жәрдемақы алушылардың әлеуметтік қамтамасыздығы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын мақұлады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Желтоқсан 2004
  • 472
Фото - Caravan.kz

Палата отырысында заң жобасы туралы түсініктеме берген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың айтуынша, бұл заң жобасында 2005-жылдың 1-қаңтарынан бастап Ұлы отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерге берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы көлемін 15 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру қарастырылған.

Мәселен, бірінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысы 3 айлық есептік көрсеткішке, екінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысы 2,5 айлық есептік көрсеткішке, үшінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысы 2 айлық есептік көрсеткішке артады. Мүгедек балаларға арналған жәрдемақы көлемі 3 айлық есептік көрсеткішке, асыраушысынан айрылуға байланысты төленетін жәрдемақы мөлшері 0,5-1 айлық есептік көрсеткішке арттыру көзделген. Г.Қарағұсованың айтуынша, бұл мақсатқа 2005-жылғы республикалық бюджетте 15,9 млрд. теңге қарастырылған.
Сондай-ақ, заң жобасында тыл еңбеккерлеріне ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы тағайындау көзделген. Бұл мақсатқа келесі жылғы бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінеді.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта