«Келісім өзара ынтымақтастық барысында дүниеге келетін немесе бір-біріне өткерілетін ақпараттарды алған, жалғастырған, сақтаған және пайдаланған жағдайда қорғап құпиялығын сақтауға қажетті шараларды қолдануға бағытталады»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Келісімнің ережелеріне сәйкес тараптардың ақпараттар алмасқан кезде құпиялықты сақтау жөніндегі өзара міндеттемелері заңдастырылады. Сонымен бірге Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының хатшылығында құпия ақпаратпен жұмыс істеу және құпиялық режимін қамтамасыз етуді бақылау тәртіптерін айқындайтын нормативтік акті мен ұйымдастырушылық сипаттағы басқа да шараларды жобалау көзделген.
Комитеттің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, «келісім ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне сай келумен бірге Қазақстанның құпия ақпараттарының сақталуын қамтамасыз етеді».
Келісімге 2004-жылдың 18-маусымында Астанада қол қойылды.
Зң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті