Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты аясында әскери өнімдерді мақсатты пайдалануға бақылау қою тәртіптері туралы хаттаманы бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік  жөніндегі келісім-шарты аясында  әскери өнімдерді мақсатты пайдалануға бақылау қою тәртіптері туралы хаттаманы бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты аясында әскери өнімдерді мақсатты пайдалануға бақылау қою тәртіптері туралы хаттаманы бекітуді мақұлдады

Бүгін, 14-қаңтарда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше-елдер арасындағы негізгі әскери-техникалық ынтымақтастық принциптері жөніндегі келісім аясында өзара сатылатын әскери өнімдерді мақсатты пайдалануға бақылау қою тәртіптері туралы хаттаманы бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 14 Қаңтар 2004
  • 516
Фото - Caravan.kz

Аталмыш мәселе бойынша баяндама жасаған ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Абай Тасболатовтың түсініктемесіне жүгінсек, » уағда бойынша Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштер құрамына енетін Қапшағайдағы Орталық Азия аймақтық десанттық шабуылдаушы батальоны мен Қырғызстан, Ресей және Тәжікстандық осындай бір-бір батальонға ғана әскери өнімдер жеңілдетілген бағамен сатылуы тиіс». «Хаттама бекітілмейінше әскери өнімдерді жеңілдетілген бағаға сату жүзеге асырылмайды»,- деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, «сатылған әскери өнімді реэкспорттауға жол бермеу үшін, сондай-ақ, өнім сату туралы келісім-шартын жүзеге асыру барысында алынған мәліметтер, құпия ұстауды, жабдықтар мен мүліктерді қорғауды қамтамасыз ету үшін келісімде өнімді сатушы жақ оның мақсатты пайдаланылу жағдайын қадағалауға құқылы деп көрсетілген». «Өнімді сатушы мемлекет оның әскери құрылымдарда бар-жоқтығын, есептен шығару негіздемесін, өнімді сатушы ел үшін мемлекеттік құпияға саналатын және өнімді сатуға қатысты мәліметтердің құпиялығын қорғау шараларының сақталу жағдайын тексеруге құқылы»,- деді қорғаныс министрінің орынбасары. «Әскери өнім мақсаттан тыс пайдаланылған немесе өнім жоқ болып шыққан жағдайда хаттама талаптарын бұзушы жақ жеңілдетілген баға мен осындай өнімді әлемдік нарыққа шығару бағасының арасындағы айырмашылықты төлейді»,- деп атап көрсетті А.Тасболатов.
ҚР Қорғаныс министрі орынбасарының айтуынша, бұл хаттама Беларусь пен Ресейде бекітілген.
Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше-елдер арасындағы негізгі әскери-техникалық ынтымақтастық принциптері жөніндегі келісім аясында өзара сатылатын әскери өнімдерді мақсатты пайдалануға бақылау қою тәртіптері туралы хаттамаға ұйымға мүше-елдердің үкімет басшылары 2002-жылдың 7-қазанында Кишиневте қол қойған.
Хаттаманы бекіту туралы заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар