Мәжіліс вексель айналымы туралы кейбір заң актілеріне түзету енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс вексель айналымы туралы кейбір заң актілеріне түзету енгізді

Мәжіліс вексель айналымы туралы кейбір заң актілеріне түзету енгізді

Бүгін, 4-маусымда өткен мәжілістің пленарлық отырысында халық қалаулылары вексель айналымы туралы кейбір заң актілеріне түзету енгізді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 4 Маусым 2003
  • 1074
Фото - Caravan.kz

Отырыста сөз сөйлеген Ұлттық банк төрағасының орынбасары Болат Жәмішевтің түсініктемесіне жүгінсек, заң жобасына » тек тауар төлемі үшін ғана емес, сонымен бірге атқарылған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін де вексель шығару » туралы бап енгізілген.

«Кәсіпорындар темір жол тасымалы, көлік компанияларының қызметі және электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі үшін де вексельмен есеп айырысуға ниет білдіріп отыр»,- деп атап көрсетті Болат Жәмішев.
Жаңа жоба бойынша «ҚР-ның вексель айналымы туралы» заңынан гербтік алым туралы бап алып тасталды.
Заң жобасы сондай-ақ, Ұлттық банкке төлем жүйелеріне бақылау жасау құзыретін береді ,- деді Жәмішев. Сондай-ақ, банк клиенттеріне кейбір банк қызметінің түрлерін тұтыну мүмкіндігі реттеліп, ондай қызмет түрлерін көрсету тәртібін Ұлттық банк бекітетін болды.
Тағы бір айта кетерлігі, жобада банкаралық төлем карточкалары жүйесін дамыту үшін дүкендер мен даяшылық мекемелеріне есеп айырысуда төлем карточкаларын қабылдау туралы талап заңдастырылды.
Осындай талап қойылатын дүкендер мен даяшылық мекемелерінің жекелеген тізімін шығару құқығы үкімет құзырына берілді,- деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары өз түсініктемесінде.
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар