Мәжіліс вице-спикері Назарбаева баламалы оқулықтардан бас тартуды ұсынып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс вице-спикері Назарбаева баламалы оқулықтардан бас тартуды ұсынып отыр

Мәжіліс вице-спикері Назарбаева баламалы оқулықтардан бас тартуды ұсынып отыр

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева білім және ғылым министрлігіне баламалы мектеп оқулықтары бойынша оқыту практикасынан бас тартуды ұсынды.

  • 13 Қазан 2014
  • 767
Фото - Caravan.kz

"Баламалы мектеп оқулықтары бойынша оқыту практикасына неше жыл болды? Он жыл ма? Он жылда қолымыз неге жетті? Бірінішіден, біз логистиканы игере алмай отырмыз. Екіншіден, бұл оқулықтардың сапасы нашар ма, дұрыс па? Мұғалімдер кейде тіпті қай оқулықпен оқытуды біле бермейді. Демек бұрынғы кеңестік жүйеге оралған жөн болар, әр пән бойынша бір оқулық болсын, сонда ешкімнің де басы қатпайды", деді Д.Назарбаева дүйсенбіде мәжілісте "үкіметтік сағат" шеңберінде.

"Жергілікті билік органдарының қосымша ақшасы болып жатса, мейлі, бюджеттен тыс қаржыдан сатып алсын. Ата-ана балаға қосымша тереңдетіп білім бергісі келсе, қосымша сатып алсын", деді ол.

"Біз тиісуге болмайтын минималды әлеуметтік стандарт, минималды күнкөріс минимумы туралы, ештеңе қосуға, не алуға болмайтын есептік айлық көрсеткіш туралы білеміз. Оқулыққа да солай қаралық. Бүгін оны күнкөріс минимумы саласындағы минималды стандартпен салыстыруға болады деп санаймын, өйткені білім –бүгінгі күннің ең керек нәрсесі ", деді ол.