Мәжіліс ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қосымша хаттаманы бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа  қосымша хаттаманы бекітуді мақұлдады

Мәжіліс ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қосымша хаттаманы бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында "Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартына байланысты кепілдіктерді қолдану туралы Қазақстан Республикасының үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы келісімге қосымша хаттаманы бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 27 Желтоқсан 2006
  • 566
Фото - Caravan.kz

«Хаттамаға қол қоюдағы мақсат — еліміздегі ядролық іс-қызметке қатысты ашықтықты қамтамасыз ету, халықаралық қауіпсіздік жүйесін күшейтуге ықпал жасау, еліміздің ядролық қарусыз мемлекет ретіндегі мәртебесін нығайту, Қазақстанның ядролық қару таратпау ретжимі саласындағы саясатының тұрақтылығын паш ету болып табылады»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

«Хаттамаға қол қою Қазақстан Республикасының ядролық қару таратпау шараларын қолдау саласындағы саясатының заңды жалғасы болып табылады»,- делінген құжатта.

Хаттамаға 2004-жылдың 6-ақпанында Венада қол қойылды.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта