Заң жобасының нормаларына сәйкес шараның мерзімі ұзартылып, заңдастыру процедурасы жеңілдетіле түсті.
Мәселен, заң жобасына сәйкес, «ақшаны заңдастырылды деп тану үшін банктегі есепшотқа ақша аудармай-ақ, өтініш немесе басқа да құжаттар тапсырмай-ақ, мүлікті заңдастыру жөніндегі алымды төлеу дерегі тіркелсе жеткілікті»,- делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Мүлікті заңдастыру шарасының мерзімі 2007-жылдың 1-сәуіріне дейін ұзартылды.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті