Мәжіліс "Зейнетақы қамтамасыздығы туралы" заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Зейнетақы қамтамасыздығы туралы" заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс "Зейнетақы қамтамасыздығы туралы" заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 18-мамырда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ""Зейнетақы қамтамасыздығы туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Мамыр 2005
  • 438
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын палатаның отырысына таныстырған ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың айтуынша, енгізілетін өзгерістердің басты мәні — мемлекет басшысының жолдауына байланысты «мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі» атты жаңа ұғымның енгізілуіне байланысты. 2005-жылдың 1-шілдесінен бастап зейнет жасына жеткендерге 3 мың теңге мөлшерінде зейнетақы қосылады. Г.Қарағұсованың айтуынша, арықарай оның мөлшері «Республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес жыл сайын белгілене отырып, ең төменгі күнкөріс минимумына біртіндеп жеткізіледі.

Сонымен бірге заң жобасына зейнетақы жинақтау жүйесін жетілдіруге, соның ішінде зейнетақы активтерін басқару және салымшылар құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған нормалар енгізілді. Ал инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын компаниялар мен зейнетақы активтерін өз бетімен басқарушы зейнетақы жинақтаушы қорлар белгілі бір кіріс деңгейін қамтамасыз етуі тиіс екенін заңдастырған норма енгізілді.
Зейнетақы жинақтау жүйесінің барлық салымшылары туралы біртұтас мәліметтер қорын құру үшін Мемлекеттік зейнетақы төлемдері орталығының негізінде біртұтас есеп орталығы құрылмақшы.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта