«Бұл түзетулер ел президентінің, судьялардың құқықтық және әлеуметтік кепілдемелерін күшейту мақсатындағы соттардың IV сьезінде жасаған баяндамасында көрсетілген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін енгізілуде»,-деді депутаттарға заң жобасын ұсынған ҚР Жоғары сотының қылмыстық істер жөніндегі алқаның төрағасы Әбдірашит Жүкенов.
Заң жобасына сәйкес, судьялардың зейнетақы қорларына айлық табыстарының 10% көлемінде республикалық бюджеттің есебінен қосымша міндетті зейнетақылық жарна белгілеу қарастырылған.
«Бұл заң жобаны жүзеге асыру шығындары 2007-жылдың бюджетінде қарастырылған»,-деді осы заң жобаға қатысты қосымша баяндама жасаған мәжіліс депутаты Оңалбай Аяшев.
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті