Құжатты қарағаннан кейін, бірқатар депутаттар оны қабылдаудың орындылығына күмән келтірді, себебі олар жобада қарастырылған нормалар Конституцияға қайшы деген пікірде.
Естеріңізге сала кетейік, Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулермен қоғамдық-саяси іс-шаралар кезеңінде жала жапқаны үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылған болатын. Заң жобасын әзірлеуші Ішкі істер министрлігі қоғамдық-саяси іс-шаралар кезінде «жағымсыз құқықтық залал-зардаптар деңгейінің өсіп бара жатуына байланысты» осындай норманы қабылдау орынды деп түсіндірді.
«Сонымен қатар жалпыға бірдей арналған, сондай-ақ, діни сенім-наным иелерінің намысына тиетін ақпараттары бар үнпарақтар, плакаттар, суреттер, аудио және бейнеөнімдерді пайдалану арқылы келемеждеп кемсіткені үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеу» ұсынылған.
Сонымен қатар, «қоғамдық тәртіпті сақтау немесе қоғамдық тәртіп бұзудың алдын-алуға қатысты міндеттерін атқарушы» билік өкілдеріне күш көрсеткені немесе қорқытқаны үшін жауапкершілік белгілеу жоспарланған болатын.
Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске отбасындағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін тағайындалатын жауапкершілік жүктеу жөнінде ереже енгізу ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті