Мәжіліс жерді сату мен жалға беруді тоқтататын заң жобасына қатысты жұмысты бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс жерді сату мен жалға беруді тоқтататын заң жобасына қатысты жұмысты бастады

Мәжіліс жерді сату мен жалға беруді тоқтататын заң жобасына қатысты жұмысты бастады

 

  • 8 Маусым 2016
  • 455
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс жерді сату мен жалға беруді тоқтататын заң жобасына қатысты жұмысты бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламентке "ҚР Жер кодексінің кейбір нормаларының жұмысын тоқтату туралы және ҚР 2015 жылдың 2 қарашасынан "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы келіп түсті.

"ҚР заң жобасын қарастыруға ҚР Президентінің Жарлығы "ҚР Жер кодексінің кейбір нормаларының жұмысын тоқтату туралы және ҚР 2015 жылдың 2 қарашасынан "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", осы жылдың 6 мамырында енгізілген "Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу" сияқты заң жобасы негіз болды. Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін "2015 жылдан бастап ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң мен Жер кодексінің кейбір нормаларының жұмысы тоқтатылады", — деді аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы Сапархан Омаров.

"Соның ішінде, шетелдіктерге қатысты нормалар, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сонымен қатар шетелдіктерде жарғылық капиталы бар заңды тұлғаларға, олардың 50 пайызы шетелдік заңды тұлғаларға жерді беруге байланысты нормалар өз жұмысын тоқтатады. Ауылшаруашылығына арналған жерді уақытша пайдалану, сонымен қатар, ауылшаруашылығына арналған мемлекеттік меншіктегі жерлерді жеке меншікке беру нормалары да тоқтатылады. Біздің комитет бұл заң жобасына белгіленген уақытқа дейін қорытынды жасап, заң жобасын қолға алуға дайын", — деді Омаров.


Бұған дейін Қазақстанда жер реформасына енгізілген түзетулер туралы айтылған болатын. Осы мәселемен айналысатын арнайы жер комиссиясы құрылған еді.