Мәжілістің заңнама және сот құқықтық реформа жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, бұл заң жобасы жоғарғы сот кеңесі туралы заңның Конституцияға өткен жылдың мамыр айында енгізілген түзетулермен сәйкестендірілген жаңа редакциясы болып табылады.
Қазақстанның Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, бұл заң жобасында кеңестің мәртебесі Қазақстан Республикасы президентінің соттарды жасақтау, судьялардың тәуелсіздігі мен олардың құқықтарына қол сұғылмаушылығына кепілдік беру жөніндегі конституциялық өкілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында заңды тұлға құрмай-ақ жасақталатын мекеме ретінде білгіленген.