Жарияланды: 620

Мәжілісмен Атырауда концерт берді

ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Бекболат Тлеухан өткен демалыс күндері Атырауда концерт берді, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

Б. Тлеухан өзінің концертін «Саған, халқым» және «Мұхида Шайбан» халық әндерімен бастады. Сондай-ақ Қазтуғанның «Қайран елім» әні мен өзінің «Ақтенбердінің толғауы» әнін орындады. Концертке Дина Нұрпеисова атындағы қазақтың аккадемиялық халық аспаптар оркестрі қатысты. Құрманғазы атындағы халықаралық конкурсының, республикалық Д. Нұрпеисова атындағы гран-приінің жеңімпазы Айгүл Батырхаирова Қаршыға Ахмедьярованың «Нұрғиса» күйін тамаша орындап берді. Көрермендерді республикалық Майра Уәлиқызы атындағы конкурс жеңімпазы, оркестр әншісі Ақмарал Ноғайбаева да қуантты. Концерт Б. Тлеуханның орындауындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елім менің» әнімен аяқталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін