Мәжілісмен С.Жылқайдаров Талдықорған қаласында жұртшылықпен кездесулер өткізуде
2013 жылдың 10 - 19 қаңтары аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Жылқайдаров Талдықорған қаласында іссапармен жүр. |
Бұл туралы "Нұр Отан" ХДП Алматы облыстық филиалынан хабарлады.
Іссапар мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенті-партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының XIV съезінде қабылданған «Қазақстан 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» Тұғырнамасынан, сондай-ақ «Болашақты бірге жасаймыз!» атты партия бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру.
Сапар барысында депутат Талдықорған қаласында, Ақсу, Кербұлақ және Балқаш аудандары мен Қапшағай қаласында бірнеше кездесулер өткізеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін