Мәжілісмен С.Жылқайдаров Талдықорған қаласында жұртшылықпен кездесулер өткізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісмен С.Жылқайдаров Талдықорған қаласында жұртшылықпен кездесулер өткізуде

Мәжілісмен С.Жылқайдаров Талдықорған қаласында жұртшылықпен кездесулер өткізуде

2013 жылдың 10 - 19 қаңтары аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Жылқайдаров Талдықорған қаласында іссапармен жүр.

  • 11 Қаңтар 2013
  • 312
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалынан хабарлады.

Іссапар мақсаты — Қазақстан Республикасы Президенті-партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының XIV съезінде қабылданған «Қазақстан 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» Тұғырнамасынан, сондай-ақ «Болашақты бірге жасаймыз!» атты партия бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру.

Сапар барысында депутат Талдықорған қаласында, Ақсу, Кербұлақ және Балқаш аудандары мен Қапшағай қаласында бірнеше кездесулер өткізеді.