Мәжілісмендер Батыс Қазақстан облысында бірқатар нысандарда болып, кездесулер өткзді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісмендер Батыс Қазақстан облысында бірқатар нысандарда болып, кездесулер өткзді

Мәжілісмендер Батыс Қазақстан облысында бірқатар нысандарда болып, кездесулер өткзді

Қазақстан Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауын жұртшылыққа түсіндіру мақсатындағы Парламент депутаттарының өңірлерге сапары жалғасуда. Бүгін Мәжіліс вице-спикері Қабиболла Жақыпов бастаған Мәжіліс депутаттары Шавхат Өтемісов, Самиғолла Оразов, Елена Тарасенко, Виктор Киянский Батыс Қазақстан облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаевпен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 308
Фото - Caravan.kz

Бұдан бөлек, мәжілісмендер өңірдегі білім беру ұйымдарының басшыларымен жүздесті. Аталмыш шара қалада жаңадан бой көтерген №42 жалпы орта білім беретін мектепте өткізілген шара барысында Жолдауды түсіндіру бағытындағы ақпараттар айтылып, екі жақты ойлар ортаға салынды.

Бұдан бөлек, Мәжіліс вице-спикері Қабиболла Жақыпов бастаған депутаттар қаладағы «Жайық Ет» ЖШС ет өнімдерін өндіру кәсіпорынында жалғасты. 1997 жылы Орал ет комбинатының ескі базасында негізі қаланған бұл мекеме бүгінгі таңда республикадағы ет өнімдерін өндіру бойынша үздік үштіктің қатарына еніп отыр. Күніне 20 тоннадан асатын ет өнімдерін өндіретін компания бүгінгі таңда өз құрылымын дамытып, инфрақұрылымдық және материалдық-техникалық базасын нығайтып отыр. Кәсіпорын соңғы технологиялармен жабдықталған, Еуропа, АҚШ, Оңтүстік Америка елдерінің өкілдерімен тәжірибе алмасу жұмыстары қарқынды жүргізіліп отырады. Осы секілді мекеме жұмысымен кең ауқымда танысқан мәжіліс депутаттары еңбек ұжымымен кездесіп, жаңадан бастау алған жобаларымен де танысты.

Сонымен қатар, депутаттар «Қазпочта» АҚ БҚО филиалында болды. Тұрғындарға кең көлемде пошталық, қаржылық, агенттік қызмет көрсету бағытында 16 қалалық, 12 аудандық, 147 ауылдық пошталық байланыс бөлімшесі, 4 жылжымалы байланыс бөлімшесінде барлығы 802 штаттық қызметкерді жұмыспен қамтып отырған «Қазпочта» АҚ БҚО филиалының ұжымымен кездесті.