Жарияланды: 370

Мәжілісмендер компьютер клубтары мен ғаламторға қарсы күрес жариялады

Мәжілісмендер  телеарналар, компьютер клубтары мен ғаламторға қарсы күрес жариялады. Сөйтіп телеарналар, компьютер клубтары мен ғаламторға қарсы күрес жариялады. Тіпті оған тыйым салатын заң жобасын әзірлеп, әлі пісіп жетілмеген құжатты бүгін талқыға салды.

Депутаттардың ойынша, телеарналардағы атыс-шабыс, қан-жоса мен  порнографиялық фильмдер балғындардың психикасын бұзады. Бірақ еліміздегі жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен компьютер клубтарын жауып, әдепсіз киноларға тыйым салуды заңмен реттеуге болатынын біліп отыр. Әйтсе де депутаттар интернетпен қалай күресерлерін білмей дал болуда. Себебі арсыз көрсетілімдерге тұнып тұрған сайттардың серверлері шетелде орналасқан. Оған халық қалауыларының әмірі жүрмейді. Сол себепті балаларының не көріп отырғанына ең біріншіден ата-аналар жауапты болуы керек екен.

Дариға Назарбаева, Мәжілістегі Әлеуметтік  мәдени даму комитетінің төрайымы:

- Мына уақыттан мына уақытқа дейін теледидар қарамайсыңдар дейсіңдер балаларға. Бұрын солай деуші еді. Алтыдан кейін бізді теледидарға ешкім жақындатпай, кетіңдер, ұйықтаңдар деп қуып жіберетін. Қазір ата-аналар демократияшыл болып кетті. Уақыттарымыз жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін